Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ҒИЖ проректоры т.ғ.д.,профессор Р.А.Бекназаров бастаған десанттық топ 2017-2018 оқу жылында Ақтөбе облысы аудандарындағы кәсіби бағдар беру жұмысының және үздіксіз білім беру институтының өткізетін іс-шаралары жоспарын жүзеге асыру мақсатында,№6 Хромтау гимназиясынан «Қазақ әдебиеті»кафедрасының және «Тарих және дінтану» кафедрасының филиалдары ашылып, екі жақты шартқа қол қойылды.Жоғары және орта білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығының тиімділігі: Қазіргі оқу орындардың алдында тұрған екі жақты өзара тиімді ынтымақтастық жаңа технологияларды меңгеру, оқытудың белсенді түрлерін енгізу, білім алушылардың сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау сияқты міндеттерді шешуге үлесі зор. «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығы мұғалімнің инновациялық қызметін, оның кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал етеді.
Құрметті әріптестер,ата-аналар және білім алушылар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің бір шаңырағы астында тұратын әрбір отбасы бақытқа бөлене берсін! Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға зор денсаулық, табыс, ынтымақ пен бірлік тілеймін! Отанымыздың жарқын болашағы үшін бастаған әрбір игі ісіміз бен ақ ниетіміз Қазақстан Республикасының игілік кепілі болсын!
Гимназия әкімшілігі
№6 Хромтау гимназиясында педогогикалық кеңесте және оқушылар арасындағы жиында «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйе.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2016ж. №536 бұйрығымен іске қосылған «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі».толығырақ