Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

«Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп,бірін-бірі жетелейді»

       "Дарын" РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2022 жылғы 9-11 ақпан аралығында ХVII     республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының         республикалық кезеңі Щучье қаласы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.Республикалық кезең қорытындысы бойынша №6 Хромтау гимназиясының 7-сынып білім алушылары Гельманова Айым мен Халықова Мөлдір қатысып, ІІІ ОРЫН жүлдегері атанды.

 Ғылыми жоба "этномәдениеттану" бағытында, интеграцияланған, биология және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен "Жанға да, тәнге де дауа - Киікоты" тақырыбында қорғалды.
Ғылыми жетекшілері:
Құрманияз Әсем Ысқаққызы - биология пәні мұғалімі.
     Сарсенова Ақкүміс Піржанқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
 Оқушылар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,білім алушылар!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Білім алушыларымыз үздік білім алушы атансын!

Жаңа 2022 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Ізгі ниетпен гимназия әкімшілігі

 

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Жас мамандардың педагогикалық идеяларын айқындау және әдістемелік шеберлігін жетілдіру мақсатында 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні «Дарынды балаларға- талантты ұстаз»атты педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 5 жылға дейінгі жас еңбек өтілі бар аудан бойынша 9 жас маман қатысты.Педагогикалық олимпиада барысында Бас жүлдені N6 Хромтау гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенова Ақкүміс Піржанқызы иеленіп,осы жылдың 7 қазанында қашықтан өткен Республикалық «Дарынды балаларға- талантты ұстаз»атты педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде I орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын!
Алдағы 2021 жылдың 2-4 қараша күндері Семей қаласында болатын республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!

все фото

Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығының 2-қосымшасы «Жалпы бiлiмберетiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу» қағидасы негізінде Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2014жылдың 11-12 желтоқсан аралығында Республикалық олимпиаданың екіншікезеңiнде теориялық және эксперименттiк тапсырмаларды ойдағыдай орындап мектебіміздің намысын қорғап биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да қабілетті жас білімпаздардыдер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс білдіреміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

Құрметті гимназия ұжымы және білім алушылар!

Сіздерді гимназияларыңыздың
5 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық,қажымас қайрат,
үлгілі,білікті шәкіртеріңіз көп болсын!
Білім алушылар оқуда озат, еліміздің,
ата-аналарыңыздың сенімін ақтар
азамат,азаматшалары болыңыздар!
Кешегі Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен алған І командалық жеңістеріңіз құтты болсын!
Әр кез гимназияларыңыздың беделі асқақтай түссін.

Ата-аналар комитеті

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ
БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігімен әзірленген
 
«Tilqural.kz» 
«Вalatili.kz»
«Qujat.kz»
   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09