Хабарландыру
"Ақтөбе облысының білім басқармасы
Хромтау ауданының білім бөлімі" ММ
«№6 Хромтау гимназиясы»
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" ММ «№6 Хромтау гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика,орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі пәндері бойынша мұғалімнің бос орнына және география,тарих пәндері бойынша уақытша бос /бала бағу демалысындағы/ педагогтың орнына 1-жыл жұмыс мерзіміне қабылдауға конкурс жариялайды.
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
«№6 Хромтау гимназиясы» КММ-нің 2022ж 28.07.№ 66 н/қ бұйрығы негізінде 2022 жылдың тамыз айының 01-12 күндері аралығындасағат 9-00 ден 11-00 аралығында 1-сыныпқа қабылданған балаларды дайындау мақсатында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары жүргізілетінін хабарлайды.
Бұл-мектепке дейінгі мекемелерге бармаған оқушылардың ата-аналары үшін маңызды ақпарат.
Даярлық курсының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық - еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
Балалардың мектепке келуін және үйге қайтуын ата-аналардың алып келу, алып қайту жауапкершілігі жүктеледі.
Ескерту: Толық мәлімет алу үшін мектептің төменде көрсетілген телефонына хабарласуға болады. тел 8/71336/ 66-2-86; Ұялы тел: 87711050864
Гимназия әкімшілігі
Kazmgu-2021
Мектеп формасы
Құрметті ата-аналар!
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 енгізілген өзгерісі /ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2020 № 296 /бұйрығына сәйкес, №6 Хромтау гимназиясында міндетті мектеп формасына қойылатын келесі талаптар:
• Мектеп формасының түсі қою көк.
• Мектеп формасының стилі классикалық стильде сақталады.
Хабарландыру
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 01.04.2022ж. мен 01.08.2022ж. аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы
негізінде жүзеге асырылады.
Дүйсенбіден жұмаға дейін, 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін (үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін) демалыс және мереке күндерін қоспағанда «eaktobe.kz» сайты арқылы құжаттарды тапсыруға арналған №1а, І-қабат өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті
Біздің телефонымыз: 66-2-86;66-2-84 (мектеп)